Келесі жылдан бастап рөлі оң жақтағы көліктермен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады

1181

Рөлі оң жақта орналасқан көліктер жолаушы тасымалдауға қауіпті деп танылды.

Келесі жылдан бастап рөлі оң жақтағы көліктермен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады Фото: canva.com

Келесі жылдан бастап елімізде рөлі оң жақта орналасқан көлік иелеріне электронды қызметтер арқылы жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты “Евразия” арнасына сілтеме жасап.

“2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Indriver, Яндекс телефон қосымшасында клиенттері бар рөлі оң жақта орналасқан көлік құралдары қосымшалардан шығарылады”, – деді Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және  көліктік бақылау комитетігің өкілі Тлеген Жәдігеров.

Аталмыш жаңашылдық оң жақтағы рөлін сол жаққа ауыстырған көлік иелеріне де қатысты. Автобрендтердің ресми өкілдері рөлді оң жақтан сол жаққа ауыстыруға қатаң тыйым салады. Өйткені олардың құрылымы жол апатына себеп болып, жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді дейді сарапшылар. 

Ал оң жақ рөлді автокөліктердің иелері мұндай жаңашылдықпен келіспейді. Олардың айтуынша, жол апатына көліктің құрылымы емес, жүргізушінің жауапсыздығы себеп. 

“Жас шектеуін қою керек. 30 жастан төмен жүргізушілерге қала арасында жүруге тыйым салу керек. Жол апаты көбіне жылдамдықты шектен тыс асырғаннан болады”, – дейді жүргізушілердің бірі.

Қазақстанда үш жүз мыңнан астам оң рөлді көліктер жүреді. Көлік иелерінің көпшілігі жолаушыларды ұзақ қашықтыққа тасымалдаумен айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу