Келесі жылдан бастап ҰБТ тапсырушылар өз қаламсаптарын пайдаланбайды

Қаламсап аудиторияға кіргеннен кейін беріледі. 

Келесі жылдан бастап ҰБТ тапсырушылар өз қаламсаптарын пайдаланбайды Фото: Хабар24

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

"Биылғы ең креативті көшіру тәсілі деп костюмінің кеудесін ойып, смартфонды соған салып өткен оқушыны айтуға болатын шығар. Әрине, біз мұны бейнекамералар арқылы байқап қойдық. Ол талапкердің ҰБТ қорытындысы жойылды", – деген спикер талапкерлер  қаламсапты пайдаланып, небір қитұрқылықтарға баратынын ескертті.

Сондықтан келесі жылдан бастап сынақ тәртібіне өзгерістер енгізілмек. 

"Осыған байланысты біз келесі жылы ҰБТ өткізген кезде қаламсапты да аудиторияда беру туралы шешім қабылдамақпыз. Биыл әр оқушыға өз қаламын әкелуге рұқсат бергенбіз. Бірақ оны шпаргалка жасыруға пайдаланған жайттарды көрдік. Осы фактілерді ескеріп, осындай шара қабылдап отырмыз", - деді Руслан Емелбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу