Келесі жылдан бастап жәрдемақы, зейнетақы мен айыппұлдардың мөлшері артады

1261

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда республикалық бюджет пен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылардың мөлшері артады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келесі жылдан бастап жәрдемақы, зейнетақы мен айыппұлдардың мөлшері артады Фото: exclusive.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына сәйкес, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты мүгедектік, асыраушысынан айырылу және арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5 пайызға ұлғайтылады.

Сондай-ақ, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке жарамсыздық пен асыраушысынан айырылған жағдайларға төленетін әлеуметтік төлемдер де 6,5 пайызға көбейеді.

2025 жылдың бюджетінде 42 түрлі әлеуметтік төлемдерге 6 триллион 26 миллиард теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, сарапшылар қазіргі әлеуметтік төлемдердің инфляция деңгейіне сәйкес келмейтінін айтып, жүйені жетілдіру қажеттігін атап өтті. Алдағы уақытта әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру мақсатында цифрлық шешімдер енгізілуі жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу