Келесі жылдың екінші жартыжылдығынан бастап тарифтер көтеріледі

532

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров "Jibek Joly" телеарнасындағы журналист Ерболат Мұхамеджанның "JJ Talk" бағдарламасына айтты.  

Келесі жылдың екінші жартыжылдығынан бастап тарифтер көтеріледі Фото: google

"Тариф саясаты өте өзекті мәселе. Оны Мемлекет басшысы да айтып келеді. Біздің мақсатымыз – алдағы 7 жылда электр, су және жылумен жабдықтау жүйелеріндегі тозу көрсеткіштерін 15 пайызға төмендету. Келесі жылдың екінші жартыжылдығынан тиісті тарифті көтеру саясатын жүргізетін боламыз. Алайда тарифтерді көтеру мәселесі қоғамның талқылауынан өтуі тиіс", - деді Әлібек Қуантыров.

Министр айтуынша, өңірлердегі табиғи монополиялар субъектілері тарифтерді көтеруді сұрап отыр. Бұл инфрақұрылымды жаңарту үшін қажет.

"Өңірлердегі табиғи монополиялар субъектілері мен әкімдіктер тарифтерді көтеруді сұрайды. Олар жаңа құрылғыларды сатып алуы, инфрақұрылымдарды жаңғыртуы керек. Бұл қомақты қаражатты қажет етеді. Тарифтер бойынша біз үш санатты қарастырамыз. Біріншісі – жеке тұлға. Олар ең төмен тарифтерді төлейді. Олардың салмағы басқа екі санатпен үйлестіріледі. Мәселен, жеке тұлға бір киловатқа 13 теңге төлесе, ал заңды тұлға 25-26 теңге төлейді. Ал енді үшінші санат бар. Ол бюджеттік ұйымдар. Олар 60-67 теңге төлейді", - деп тоқталды министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу