Қызылорда облысында келесі жылға дейін газ 21 пайыз төмен бағамен сатылады

623

"ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясы Қызылорда облысында 1,4 млрд теңге сомасында негізсіз пайда тапқан.

Қызылорда облысында келесі жылға дейін газ 21 пайыз төмен бағамен сатылады

Негізсіз алған пайдасын бағаны бір жыл уақытша төмендету арқылы қайтаратын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме беріп.

Компания енді тарифті, оның ішінде халыққа арналған тарифті де, 1000 м3 үшін қосылған құн салығынсыз 16 492,52 теңгеден 13 043,49 теңгеге дейін 21% шамасында уақытша төмендетеді. Уақытша төмен баға 2022 жылғы 1 тамыздан бастап 2023 жылғы 1 тамызға дейін жалғасады. 

Комитет тұтынушылар мүддесін үнемі қорғайтынына сендіреді. 

"Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда аумақтық департаменттерге жүгіне аласыздар" дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу