Келесі жылы "Air Astana" компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады

599

Ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуға тиіс.

Келесі жылы "Air Astana" компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Келесі маңызды мәселе – мемлекеттің экономикаға ықпалын азайту. Қазір жекеменшікке заңсыз өткен және шетелге шығарылған бірқатар активтер мемлекетке қайтарылуда. Біз ашық әрі бәсекеге қабілетті экономика құрып жатырмыз. Сондықтан қайтарылған активтің бәрін ашық түрде және мемлекет үшін тиімді шартпен нарыққа шығару керек", - деді Мемлекет басшысы.

Оның сөзінше, жекешелендіру және халықтық ІРО жұмыстарын барынша тездету қажет.

"Басты мақсат – активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру. "Самұрық-Қазына" қорының бейінді емес активтерінің бәрі жеке меншікке және халықтық ІРО-ға өтуі керек", - деп жалғастырды Мемлекет басшысы.

Үкімет бұл жұмысты 2024 жылдан бастап қолға алады. 

"Келесі жылы "Air Astana" компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады. "QazaqGaz" кәсіпорны да осы жұмысқа дайындалуы керек. Ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуға тиіс", - деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу