Келесі жылы Алматы мұғалімдерінің жалақысы 320 мың теңгеге дейін өседі

710

Қала әкімдігі мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің еңбекақы қорына 170 млрд теңге жұмсайды.

Келесі жылы Алматы мұғалімдерінің жалақысы 320 мың теңгеге дейін өседі Фото: baq.kz

Бұл туралы 2023 жылғы қала бюджетін бекіту жөніндегі қалалық мәслихаттың отырысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, қаладағы 32-33 мың мұғалімнің жалақысы 25 пайызға артады, бұл үшін қала бюджетінен 73 миллиард теңге бөлінеді. 

"Келесі жылы мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің еңбекақы қоры 170 млрд теңгені құрайды. 2022 жылы мұғалімдердің орташа жалақысы 250-255 мың теңгені құраса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 320 мың теңгеге дейін өседі. Біліктілігін арттырғанын растаған 19 мыңға жуық мұғалім қосымша ақы алады. Бұл үшін қосымша 25 млрд теңге бөлінді", - деді Әсем Нүсіпова.

Сондай-ақ, Алматы әкімдігі дәрігерлер мен медбикелердің де еңбекақысын көтеруге ниетті. 

"2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 350 мың теңгені, медбикелердікі 205 мың теңгені құрайды", деді Әсем Нүсіпова.

Кітапханашылар, техникалық қызметкерлер және басқа да білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын 22 пайызға өсіру үшін, мегаполис бюджетінен 9 миллиард теңге бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу