Отырыс барысында ATTU Президенті Халил Әл-Моханнадидің 2022 жылы өткізілген іс-шараларға қатысты есебі, ұйымның Бас хатшысының қорытынды есебі тыңдалды. Қаржы мәселелері мен 2023 жылға арналған Азия құрлығындағы турнирлердің алдын ала күнтізбесі талқыланды, сондай-ақ спортшылар комиссиясы мен номинациялар жөніндегі комиссияға сайлау өтті. Атқару комитетінің қатысушылары істелген жұмыстар туралы есеп берді, онда көбінесе Орталық Азияда ірі спорттық іс-шараларды өткізу міндетінің орындалғаны айтылса, Қазақстан еліміздің облыстарында үстел теннисінің жаңа орталықтарын ашқанымен көзге түсті, деп жазады inbusiness.kz.
Сонымен қатар, 2022 жылы ATTU вице-президенті, Қазақстан Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазиннің жетекшілігімен біздің еліміз Азия жасөспірімдер чемпионатына арналған Орталық Азия іріктеу турнирін, одан кейін Түркіменстан мен Қазақстан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан келген ұлдар мен қыздарға арналған оқу-жаттығу жиыны сынды бірқатар халықаралық спорттық жарыстар өткізді.
Қазақстанға 2022 жылы ТМД елдерінің аумағындағы WTT алғашқы турнирін өткізу сеніп тапсырылғанын айтып өтпеуге болмайды. "WTT Contender Almaty" халықаралық турнирі 2022 жылғы 13-18 қыркүйек аралығында Алматыда өтті. Турнирге жиырма сегіз елден 140 ойыншы қатысты.
2022 жылы жаттықтырушылардың практикалық білімі мен біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылды. 2022 жылғы 7-16 шілде аралығында Алматы "ADD" үстел теннисі орталығында техникалық жаттықтырушылық курстар мен ITTF-PTT 1-деңгейдегі Олимпиадалық ынтымақтастықтың жаттығу жиыны өтті. Ал осы жылдың қараша айында Алматы жас таланттарға ITTF жоғары білікті маманы, жаттықтырушы Массимо Костантинидің жетекшілігімен өз дағдыларын жетілдіруге және бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге мүмкіндік берген аса маңызды "Asian Hopes Week & Challenge 2022" құрлықтық іс-шарасын қабылдады.
Отырыс барысында Орталық Азия өңірінде үстел теннисін дамыту бағытындағы болашақ жоспарлар талқыланды. 2023 жылы Қазақстан алғаш рет "WTT Youth Contender" жасөспірімдер халықаралық турнирін өткізуді, сондай-ақ "WTT Contender Almaty" халықаралық турнирін қайта қабылдауды жоспарлап отыр. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстан астанасында ұлттық әрі халықаралық жарыстарды өткізу үшін барлық талаптарға сай, жаңа, заманауи "ADD Table Tennis Center Astana" үстел теннисі орталығы өз есігін ашады.
ATTU Азия одағы Қазақстанның үстел теннисі федерациясы әлемдік аренада маңызды орынға ие болғанын айтып, республикалық федерацияның халықаралық деңгейдегі додаларлы ұйымдастырудағы, үстел теннисін дамытудағы, жаттықтырушылық семинарлар мен спортшылар үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізудегі жетістіктерін ерекше атап өтті.