Келесі жылы Астанада жасанды интеллект орталығы ашылады

216

Электрондық үкімет платформасына жасанды интеллект технологиялары енгізіледі. 

Келесі жылы Астанада жасанды интеллект орталығы ашылады Фото: canva.com

Киберқауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында тиісті заңнамалық шаралар қабылданатын болады, деп жазады inbusiness.kz сайты Премьер-министр орынбасары Нұрлан Байбазаровтың баяндамасына сілтеме жасап. 

"Цифрландыру желісі бойынша, тиісті заңның қабылдануы есебінен жасанды интеллект енгізу үшін құқықтық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Цифрлық активтер мен майнингты нормативтік реттеуді жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады", – деді спикер. 

Сонымен қатар Электрондық үкімет платформасына жасанды интеллект технологиялары енгізіледі. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның киберқауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында тиісті заңнамалық шаралар қабылданатын болады.  

Сөз соңында вице-премьер келесі жылы Астанада жасанды интеллект орталығын ашу жоспарланғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу