Келесі жылы бензин мен дизель отыны қалай сатылады?

1211

Биыл мазут пен авиакеросин биржаға шығарылады.

Келесі жылы бензин мен дизель отыны қалай сатылады?

Энергетика министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда өндірілген бензин мен дизель отынының 10%-ы биржа арқылы сатылатынын мәлімдеді.

"Нарықтағы қарым-қатынастарды, оның ішінде мұнай өнімдерінің ашық саудада болуын қамтамасыз ету бағытында мұнай өнімдерін, атап айтқанда, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін мазут пен авиакеросинді биржаға шығарып, саудалау тәсілдерін ұйымдастыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Келесі жылдың 1 қаңтарында осы әдіспен нарыққа шыққан бензин мен дизель отынының 10%-ы биржада саудаланады", – деді Нұрлан Ноғаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу