Келесі жылы доллар бағамы 545,2 теңгеге жетуі мүмкін

126

Ұлттық валютаға бірқатар факторлар қысым көрсетеді.  

Келесі жылы доллар бағамы 545,2 теңгеге жетуі мүмкін Фото: caravan.kz

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылғы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге болжам дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сарапшылар ұлттық валюта бағамы осы жылды екі таңбалы төмендеумен аяқтап, келесі жылы оған қысым болуы мүмкін екенін жазады.

Орташа нығаюдан кейін ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 2024 жылы шетел валютасына деген ішкі сұраныстың ұсыныстан айтарлықтай артуы есебінен 10 пайыздан астам құлдыраумен аяқтайды.

"2025 жылы доллар бағамы 545,2 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Теңгеге шикізаттың төмен бағасы, ОПЕК+ мәмілесін орындау қажеттілігіне байланысты мұнай өндірудің азаюы, қазақстандық шикізаттың (ҚХР және ЕО) негізгі тұтынушыларының экономикалық өсуінің баяулауы, импорттың артуы, бағам бойынша болжамның нашарлауы, өңірдегі күрделі геосаяси ахуал, инвесторлардың тәуекелден жалпы қашуы қысым көрсетуі мүмкін", - делінген зерттеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу