Келесі жылы елімізде 41 706 азамат әскер қатарына шақырылады

175

Тиісті құжат жобасы жарияланып, талқылауға ұсынылды. 

Келесі жылы елімізде 41 706 азамат әскер қатарына шақырылады Фото: inbusiness.kz

Келесі жылы 41 706 азамат әскер қатарына шақырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 41 706 ер азаматты 2025 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын", – делінген бұйрық жобасында.

Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастыратыны көрсетілген.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 13 желтоқсанға дейін жария талқылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу