Келесі жылы елімізде бензин бағасы қалай өзгереді?

149

Жақында атқарушы билік бензин мен дизель отынының бағасына мораторий енгізді.

Келесі жылы елімізде бензин бағасы қалай өзгереді? Фото: gazprom.com

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бензин бағасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биылғы ақпанда жанар-жағармай нарығындағы мемлекеттік реттеуден бас тартқан соң, баға нарық заңдарымен реттеледі.

"Әр жанармай құю бекеті өз шығындарына қарай бағаны көтереді. Бағаны өзгерту тәртібі бекітілген. Өнімнің өзіндік құны өзгерген жағдайда, соңғы баға да өзгереді", – деді министр Мәжіліс кулуарында.

Ерлан Ақкенженовтің сөзінше, Үкімет енгізген мораторийден кейін жанармай бағасы қазіргі деңгейде бекітілген.

"Үкімет жанармай бағасына мораторий енгізу туралы шешім қабылдады. Біз барлық жанармай сатушыларына бағаны қазіргі деңгейде ұстауды тапсырдық", – деді ол.

Ведомство басшысы келесі жылы баға қалай құбылатынын айта алмайтынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу