Келесі жылы елімізге бірнеше кертағы мен жолбарыс жеткізілмек

122

Бұл туралы жыл қорытындысына орай БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты. 

Келесі жылы елімізге бірнеше кертағы мен жолбарыс жеткізілмек Фото: canva.com

Келесі жылы елімізге 3-4 жолбарыс жеткізіледі. Сонымен бірге, биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы жұмыстары күшейтілмек, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

– Биыл тиісті Тұжырымдаманы бекіту жоспарлануда. Жалпы алғанда елімізде сирек кездесетін жануарлар түрлері: арқар, жейран, құлан және тоғай бұғысының саны артып келеді,  деді министр.

Ерлан Нысанбаев Тұран жолбарысы мен Кертағы (Пржевальский) жылқысын қайта жерсіндіру бойынша ауқымды жобалар жүргізіліп жатқанын айтты. 

 Прага зообағымен бірлесіп, 2024-2025 жылдары 14 Кертағы жылқысы елімізге жеткізілді, 2026 жылдың маусым айында тағы да 7-8 жылқыны әкелу жоспарланып отыр. Ресей Федерациясымен уағдаластық бойынша Жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 2026 жылы 3-4 жолбарыс әкелу жоспарланып отыр,  деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу