Келесі жылы Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етеді

539

Қазақстан Мемлекет басшысының өңірде халықаралық су-энергетикалық консорциум құру туралы айтқан бастамаларын жүзеге асыруға ниетті.

Келесі жылы Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етеді Фото: inbusiness.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нұржан Нұржігітов Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салман Бал мырзамен және су ынтымақтастығы мәселелерімен айналысатын Швейцария даму және ынтымақтастық агенттігінің Blue Peace Central Asia (BPCA) бағдарламасының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында министр еліміз Орталық Азия мемлекеттерімен, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарымен ынтымақтастықты арттыруға дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салман Бал BPCA-ның бірінші кезеңі аяқталуға жақын екенін мәлімдеді. Сондықтан, қазіргі таңда бағдарлама өкілдері екінші кезеңде қандай бағыттарды қамту керектігін анықтау үшін Орталық Азия елдеріне аттанады.

Бұдан бөлек, Өзбекстанда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан қатысатын гидрогеологиялық болжау бағдарламасы іске қосылып жатыр.

Бұл бағдарлама Орталық Азия елдері арасындағы су ағыны мен су шығынын бақылауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Blue Peace Central Asia өкілдері олардың жобасы бірнеше бағытты қамтитынын жария етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу