Қазақстанда келесі жылы Kia көліктерін шығаратын зауыт іске қосылады

256

Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы өзара тиімді өнеркәсіптік кооперация автомобиль жасау саласында қалыптасқан. 

Қазақстанда келесі жылы Kia көліктерін шығаратын зауыт іске қосылады Фото: Kia.ru

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Корея бизнес форумында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Елімізде Hyundai маркалы автокөліктер сәтті құрастырылып жатыр. Келесі жылы бізде инвестиция көлемі 200 миллион доллар болатын Kia толық циклді зауытының іске қосылуы күтіліп отыр. Айта кету керек, компания өз тарихында алғаш рет Оңтүстік Кореядан тыс жерде зауыт салуға инвестиция салып, Қазақстанды таңдады. Бірқатар оңтүстіккореялық Xiong, Hua, Yongsan компаниялары автомобиль өнеркәсібін дамытудың кезекті кезеңіне, Қазақстанда автокөлік бөлшектерін өндіру бойынша кластер құруға ниетті екені қуантады", - деді Президент елордада өтіп жатқан Қазақстан-Корея бизнес форумында.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстан Оңтүстік Кореяны қажетті шикізатпен қамтуға ниетті екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу