Келесі жылы Қосшыда балаларға арналған бірқатар орталық ашылады

180

Биыл мамыр айында "Alan" дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. 

Келесі жылы Қосшыда балаларға арналған бірқатар орталық ашылады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты. Қала әкімі қазіргі кезде жекеменшік инвестиция есебінен жанында 1000 келушіні қабылдайтын емханасы бар 300 орындық көпбейінді аймақтық аурухана салынып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа ауруханада терапия, онкология, неврология және перзентахана бөлімшелері болады. Медициналық мекеме тек Қосшы халқына ғана емес, жақын маңдағы аудандардың тұрғындарына да қызмет көрсетеді деп жоспарланып отыр.

Биыл мамыр айында "Alan" дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Кешенде балаларға және ересектерге арналған бассейн, жаттығу және спорт залдары бар.


Ал Қосшы тұрғындарының игілігіне келесі жылы берілетін Қоғамдық мәдени-спорт орталығында интерактивті білім беру бөлімі, спорт залы, теннис, баскетбол, футбол, волейбол алаңдары, кинотеатр, көрме залы, кітапхана, дәрісхана, амфтитеатр ашылады.

Мемлекет басшысы Қосшы қаласында құрылыс жұмыстары қарқын ала бастағанын ескере отырып, облыс әкіміне елді мекендегі инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және газ құбырын тарту мәселелеріне айрықша мән беруді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу