Келесі жылы қосымша 1 мың 200 шақырымға ақылы жүйе енгізіледі

Еліміздегі жолдарды күтіп ұстауға 60 млрд теңге көлемінде қаржы қажет. 

Келесі жылы қосымша 1 мың 200 шақырымға ақылы жүйе енгізіледі Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Жыл сайын еліміздегі жолдарды күтіп ұстауға 60 млрд теңге көлемінде қаржы қажет етіледі. Осы орайда, республикалық бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында, ақылы жолдардың көлемін кезең кезеңімен енгізудеміз. Қазіргі таңда, 3 мың 200 шақырымда ақылы жүйе енгізілген. 11 айдың қорытындысы бойынша, 26 млрд 500 млн теңге қаражат түсті. Келесі жылы қосымша 1 мың 200 шақырымға ақылы жүйе енгізуді жоспарлап отырмыз", – деді министр.

Оның айтуынша, 2029 жылға дейін реконструкциялау жұмыстарының аяқталуына қарай, мұндай жолдардың көлемі 11 мың шақырымға жеткізілетін болады.

"Бұл ретте, Қазақстандағы ақылы жолдар тарифтері, жақын және алыс шет елдермен салыстырғанда ең төмен екенін айта кеткен жөн. Соңғы уақытта, транзиттік ағынның өсуіне байланысты, жөнделген жолдарды нормативтік жағдайда сақтау үшін, жол ақысын қайта қарау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Ақылы жүйе, бірінші кезекте транзиттік көлік құралдарынан қаражат жинауға бағытталғанын ескере отырып, отандық тасымалдаушылар үшін ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем көзделген", – деп қосты Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу