Келесі жылы "Мойынты – Қызылжар", "Дарбаза – Мақтаарал" жобалары аяқталады

119

2027 жылы "Бақты – Аягөз" жобасы іске қосылады.  

Келесі жылы "Мойынты – Қызылжар", "Дарбаза – Мақтаарал" жобалары аяқталады Фото: primeminister.kz

2026 жылы "Мойынты – Қызылжар", "Дарбаза – Мақтаарал" жобалары аяқталады. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Маңызды бағыттардың бірі – көлік инфрақұрылымын дамыту. Бірқатар ірі теміржол жобалары іске асырылуда. "Достық – Мойынты" және "Алматы қаласының айналма жолы" жобалары аяқталу сатысында. Келесі жылы "Мойынты – Қызылжар", "Дарбаза – Мақтаарал" жобалары аяқталады. Ал 2027 жылы "Бақты – Аягөз" жобасы іске қосылады", – деді Роман Скляр.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін 175 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр. 

"Әуе хабтарын дамыту және әуе жүктерін өңдеу көлемін арттыру мақсатында әуежай инфрақұрылымы жаңғыртылуда, кедендік рәсімдер жеңілдетілуде, цифрлық шешімдер енгізілуде. Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында әуежай құрылысы басталды. Автокөлік жолдары саласында 12 мың км жол құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылған, оның 7 мың км осы жылы соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр", – деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу