Келесі жылы өнертапқыштық бағыттарға арнайы гранттар беріледі

244

2027 жылы ғылымды дамытуға 157,7 млрд теңге көзделіп отыр.

Келесі жылы өнертапқыштық бағыттарға арнайы гранттар беріледі Фото: primeminister.kz

Келесі жылдан бастап тәжірибелік-конструкторлық және өнертапқыштық бағыттарға арнайы гранттар беріледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Құрылтай отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2027 жылға арналған республикалық бюджет жобасында ғылымды дамытуға 157,7 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Алайда Жоғары аудиторлық палата жүргізген зерттеулердің аудиті ғылымға жұмсалатын шығындардың өсуі экономика мен технологиялардың дамуына әлі айтарлықтай әсер етпегенін көрсетеді. Ғылымды қаржыландырудың ұлғаюына қарамастан, жалпы ішкі өнімдегі ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар шығындардың үлесі өте төмен болып қалады", – деді Құрылтай депутаты Ербол Данағұлов.

Депутат Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылымның ел экономикасына қосқан үлесін арттыру үшін қандай шараларды қабылдайтынын сұрады.

Ведомство басшысы Саясат Нұрбектің сөзінше, ЖАП тексерісі бойынша арнайы жоспар құрылып, заңнамалық базаға өзгерістер енгізілді.

"Қаржыландыруға келсек, біріншіден, қазіргі таңда Салық кодексіне "супершегірім" деген арнайы механизм енгізілді. Жер қойнауын пайдаланушылардың қаржыландыру бір жүйеге келтірілді. Екіншіден, заңның ішінде өңірлік ғылымға тек қана республикалық бюджеттен емес, жергілікті бюджеттен де қаржыландыру көзделген. Биылдың өзінде 1 млрд-қа жуық бюджеттен бөлінді. Сондай-ақ арнайы гранттардың түрі енгізілді. Келесі жылдан бастап конструкторлық және өнертапқыштық бағыттарға арнайы гранттар берілетін болады", – деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу