Келесі жылы Ресейде жаңа ғарыш кешені салынады

280

Кешеннің құрылысы 600 миллиард рубльге бағаланады.

Келесі жылы Ресейде жаңа ғарыш кешені салынады Фото: © Roscosmos/Handout via REUTERS

2025 жылы Амур облысындағы "Восточный" ғарыш айлағында аса ауыр класты ғарыш кешенінің құрылысы басталады. Бұл туралы "Интерфакс" Ресей Федерациясының бірінші вице-премьері Денис Мантуровқа сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Біз келесі жылы Восточныйда өте ауыр ғарыш кешенін құруды бастайық деп отырмыз", — дейді Мантуров.

Кешеннің құрылысы 600 миллиард рубльге бағаланады. Жобаны іске асыру 10 жылға есептелген — 2025 жылдан 2035 жылға дейін, ұшу сынақтары 2033 жылы өтеді.

Сәуірде Роскосмос басшысы Юрий Борисов Ресей биылғы жылы аса ауыр зымыран тасығышты жасауға қайта оралатынын хабарлады. Оның қайта пайдалануға жарамдылығы міндетті талапқа айналады - бұл ұшыру құнын төмендету үшін қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу