Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомство басшысы "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын таныстырды.
Айтуынша, заң жобасы Бюджет кодексіне сәйкес елдің 2029 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген.
"Бюджет параметрлері кепілдендірілген трансферт, шығыстардың өсу қарқыны мен бюджет тапшылығы бойынша бюджет заңнамасында белгіленген қағидаларға сәйкес келеді. 2025 жылға арналған түсімдер 21,7 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Келесі жылы Ұлттық қордан 2 трлн теңге сомасында кепілдендірілген трансферт тарту жоспарланып отыр. Бюджет тапшылығы 2025 жылы жалпы ішкі өнімге 2,7% деңгейінде, ал 2027 жылға қарай жалпы ішкі өнімге 1,9%-ға дейін төмендеу болжануда", - деді Мәди Такиев.