Келесі жылы "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы арқылы кәмелетке толмаған қазақстандықтардың арнайы шотына түсетін қаражат биылға қарағанда көп болады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Төлем қаңтар айында жасалады. Өткен жылы біз әр балаға шамамен 100 доллар аудардық. 2023 және 2024 жылдар инвестициялық кіріс тұрғысынан өте позитивті уақыт болды. Сол себепті келесі жылдың қаңтар айында сома көп болуы мүмкін", – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Балалардың шотына нақты қанша қаражат аударылатыны әзіп белгісіз. Төлем балалардың санына байланысты болмақ.