Университет студенттерінің шәкіртақысы артады

318

Стипендия мөлшерін орта есеппен 15-20%-ға ұлғайту көзделіп отыр.

Университет студенттерінің шәкіртақысы артады Фото: canva.com

2025 жылы әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бағытталады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бюджет шығыстары 2025 жылға арналған кірістер мен тапшылықты ескере отырып, 2024 жылға қарағанда 1,7 трлн теңгеге ұлғайып, 25,8 трлн теңгені құрайды. Бюджет әлеуметтік бағытқа бағдарланған болып қала береді. 2025 жылы әлеуметтік салаға 2024 жылмен салыстырғанда 794 млрд теңгеге ұлғайып 9,8 трлн теңге бағытталады", - деді министр.

Мәди Такиев шығыстардың өсуіне бірқатар фактор әсер ететінін айтты.

"Инфляцияның орташа деңгейіне әлеуметтік төлемдерді индекстеу: базалық зейнетақы мен жәрдемақыны 6,5%-ға, ортақ зейнетақыны инфляцияның орташа деңгейінен 2%-ға асыра отырып, 8,5%-ға индекстеу. Индекстеуге және әлеуметтік төлемдерді алушылар санын ұлғайтуға қосымша 626 млрд теңге бағытталатын болады. Нәтижесінде 2025 жылы зейнетақының орташа мөлшері 96 562 теңгені құрайды", - деді ол.

2024 жылмен салыстырғанда гранттар саны 2 500 орынға ұлғайтылады.

"2025 жылы шамамен 78 мың білім беру гранты бөлінетін болады. Үшіншіден, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне стипендия мөлшерін орта есеппен 15-20%-ға ұлғайту. Нәтижесінде стипендияның орташа мөлшері бакалавриат студенттері үшін 52 372 теңгені, магистратура үшін  117 098 теңгені құрайды", - деді Қаржы министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу