Келесі жылы ұялы байланыс тарифтері тағы қымбаттауы мүмкін

188

Тариф құнын қайта қарау көзделіп отыр.

Келесі жылы ұялы байланыс тарифтері тағы қымбаттауы мүмкін Фото: ЖИ

Ұялы байланыс операторлары инфляция мен шығындардың артуына байланысты келесі жылы тарифтерді орта есеппен 10 пайызға көтеруі мүмкін. Бұл туралы компания өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"КаР-Тел" ЖШС бас атқарушы директоры Джаббор Каюмовтың сөзінше, тарифтерді инфляция деңгейінде түзету жоспарланып отыр. Бұл өзгерістер барлық абонентке бір мезетте емес, кезең-кезеңімен енгізілетіні айтылды.

"Beeline-да бұл орта есеппен 10% шамасында болады деп болжанады", – деді Джаббор Каюмов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

"Кселл" АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбакин компанияның тарифтерді қайта қарау мәселесін қарастырып жатқанын жеткізді. 

"Өсім орта есеппен 10-12% шегінде болуы мүмкін", – деді ол. 

Ал "Мобайл Телеком – Сервис" ЖШС басқарма төрағасы Александр Бабичев өзгерістердің жекелеген тарифтік жоспарларға ғана қатысты болатынын атап өтті.

"Жекелеген тарифтер бойынша бізде келесі жылы тарифтік жоспарға байланысты шамамен 10% деңгейінде, 15%-дан аспайтын мөлшерде түзетулер күтіледі", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу