Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин келесі жылы зейнетақы мөлшері неліктен 10 пайызға ғана ұлғаятынына түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Біз орташа инфляция деңгейі 9-10% болады деп болжадық. Сол себепті индексация 10% болып белгіленді. Бұл біздің бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты", – деді Серік Жұманғарин Сенат кулуарында.
Вице-премьер индексация қайта қаралмайтынын, келесі жылы 10% болып қалатынын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл бюджетке енгізіліп қойған.
Айта кету керек, бұған дейін республикалық бюджет Ұлттық қорсыз-ақ өзін-өзі қамтамасыз ететінін жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу