Келесі жылы зейнетақыны тағайындау процесі өзгереді

468

Бұдан бөлек жұмысқа тұру кезінде талап етілетін 12 анықтаманы жою көзделіп отыр. 

Келесі жылы зейнетақыны тағайындау процесі өзгереді Фото: https://kzaif.kz/

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Басқа салалардағы сұранысқа ие қызметтерді де қолға алдық. Мысалы, зейнетақы тағайындау процесі өзгертіліп, келесі жылы мүлдем жаңа форматта жүргізілмек. Сонымен қатар жұмысқа тұру кезінде талап етілетін 12 түрлі анықтамаларды жою, интернетке қосылу, декларация тапсыру, балабақшаға кезекке тұру сияқты жобалар әзірленіп жатыр", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Бұдан бөлек министр жылжымайтын мүлік саласына да тоқталды. 

"Жылжымайтын мүлікті, мысалы үйді, пәтерді, офисті сатып алғанда немесе сатқанда бұрынғыдай нотариуске, ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ болады. Мұндай онлайн-сервис Blockchain және биометриялық сәйкестендіру технологиялары арқылы көрсетілетін болады. Әрбір мүлік бойынша жасалатын іс-әрекеттер, бейнежазбалар "Электрондық үкіметте" сақталады. Сөйтіп, бірнеше күн алатын процесс 1 сағаттың ішінде бітетін болды", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу