Келестіктер Наурыз думанды кең жайлауда атап өтті

442

Өңірде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келестіктер Наурыз думанды кең жайлауда атап өтті Фото: Келес ауданының әкімдігі

Келес ауданына қарасты Қоңыртөбе елді мекенінде орналасқан кең жайлауда өткен мерекелік шараны 10 мыңнан аса адам тамашалады.

Жазық жайлауда 20-дан астам киіз үй тігіліп, алтыбақандар мен ұлттық ойындарға арналған алаңшалар ашылды. Салт-дәстүрлер дәріптеліп, түрлі ұлт өкілдерінің әндері шырқалды.

Жұртшылық қолөнер шеберлері мен ұлттық тағамдардың көрмесін тамашалады.

Шара барысында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтады.

Мерекелік жиын аудандық мәдениет үйі дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасып, түрлі сахналық қойылымдар көрсетілді.

Сондай-ақ, тұсау кесер, қыз қуу, аударыспақ, көкпар, арқан тарту сынды қазақтың ұлттық ойындары дәріптеліп, көпшілікке көтеріңікі көңіл күй сыйланды.

Кең дала төсінде ұйымдастырылған шарада елімізге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу