Келімбетовтың қолтаңбасы қойылған 2000 теңгелік банкноттар жарамды – Ұлттық банк

1211

Еліміздің бас банкі Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттардың заңды төлем құралы екенін еске салды.

Келімбетовтың қолтаңбасы қойылған 2000 теңгелік банкноттар жарамды – Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасының Қазақстан теңгесі банкноттарында қолтаңбасының қойылуы туралы талап 2016 жылдан бастап алып тасталған еді. Дегенмен ҰБ 2012 жылғы 2000 теңгелік банкноттардың айналымда бола беретінін хабарлады.

"Қазіргі уақытта айналыста Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар бар. Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу