"Келінімізді араластырмауды сұраймыз": Руслан Берденовке оқ жаудырған жігіттің әкесі мәлімдеме жасады

Күдіктінің әкесі Жиембай Пралиев ұлының осындай қиын жайтқа түскеніне әлі сене алмай отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.  

"Келінімізді араластырмауды сұраймыз": Руслан Берденовке оқ жаудырған жігіттің әкесі мәлімдеме жасады Фото: inbusiness.kz

Оның айтуынша, бұл – кез келген ата-ана үшін өте ауыр соққы. 

– Құрметті қазақстандықтар, Шымкент қаласының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Біздің отбасымыздың атынан 21 сәуір күні болған қайғылы оқиғаға байланысты сіздерге үндеу жолдауды жөн көрдім.

Ата-ана үшін бұл жағдай нағыз ауыр соққы болды. Бүгінге дейін ұлымыз Ернардың осындай қиын жағдайдың ортасында қалғанына сене алмай отырмыз, - деді ол.

Күдікті Ернар Жиембайдың әкесі осы оқиғаға өкінішін білдіріп, бірінші кезекте Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейтінін жеткізген.

– Біз тергеу мен соттың барлық жағдайды әділ, жан-жақты қарастыратынына сенім артамыз. Баршаңызды сабырға шақырып, нақты шешім шықпай тұрып, асығыс қорытынды жасамауды сұраймыз.
Ең бастысы, бұл жағдайға еш қатысы жоқ келінімізді араластырмауды өтінеміз. Ол Руслан Берденовті бұрын-соңды көрмеген де, танымайды да, - деп қосты Жиембай Пралиев. 

Ол ресми мәлімдемесінде қиын күндерде қолдау білдіріп жатқан жандарға алғысын айтуды да ұмытпады.

– Алда бізді ауыр кезең күтіп тұр, дегенмен әділдік пен адамгершілік жеңеді деп үміттенеміз, - деп сөзін қорытындылады күдіктінің әкесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу