Келісімдерге әрдайым көңіліміз тола бермейді – Президент ЕАЭО туралы

619

Еуразиялық экономикалық одақта қол жеткізілген келісімдерге әрдайым көңіліміз тола бермейді. Алайда интеграцияның мәні де осында. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Келісімдерге әрдайым көңіліміз тола бермейді – Президент ЕАЭО туралы

Оның пікірінше, интеграция – қажырлы еңбекті талап ететін процесс.

"Бұл одаққа мүше мүше мемлекеттер арасындағы ымыраны табу процесі, әрі келісім барлық қатысушы мемлекеттің көңілінен шығуы тиіс. Әрине, біз қол жеткізілген келісімдерге әрдайым көңіліз тола бермейді. Бірақ интеграцияның мәні сонда, қажет болған жағдайда ортақ іс үшін кейбір мүдделерімізден бас тартуымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық форумның панельдік сессиясында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу