Келісімсіз Brexit-тен 2024 жылы автоөнеркәсіпке £40 млрд шығын келеді

866

Тарифтердің кесірінен келетін шығын бір жылда 3,2 млрд фунт стерлингке артуы мүмкін.

Келісімсіз Brexit-тен 2024 жылы автоөнеркәсіпке £40 млрд шығын келеді

Өндірушілердің айтуынша, егер келісімсіз Brexit салдарынан осы сала Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелерін орындайтын болса, алдағы бес жылда өндірілетін көлік саны 1,5 миллионға қысқарады. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады. 

Көлік өндірушілер мен сатушылар қоғамының мәліметіне сүйенсек, тарифтердің кесірінен келетін шығын бір жылда 3,2 млрд фунт стерлингке артуы мүмкін.

12 желтоқсан күні Ұлыбританияда парламенттік сайлау ұйымдастырылады. Саяси доданың өткізілуін елдің премьер-министрі Борис Джонсон ұсынған болатын. Джонсон парламенттің жаңа құрамы Brexit туралы келісімді қолдайды деген пікірде. Бұған дейін депутаттар Брюссельмен келісімді бірнеше мәрте мақұлдамай тастаған болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу