Танымал әнші Индира Расылхан сахнаға қайта оралды. Ол Cover Show бағдарламасында өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дінге бет бұрып, өнермен қоштасса да сахнаға қайта шыққан әнші сынның астында қалды.
“Менің ән айтуымды қалаған жандардың қуанышында шек жоқ. Рақмет баршаңызға! Осы тамаша әнді кавер нұсқада орындауға мүмкіндік берген “Хабар” арнасы мен Мейрамбек Бесбаев досыма рақметімді айтамын. Сіздерге ұнады ма?”, – деп жазды әнші.
Алайда желі қолданушылары мен өнер иесінің тыңдарманының пікірі екіге жарылды. Бірі әншіні қолдап, сахнаға шығуын тілесе, енді бірі діннен алыстамауын өтінген.
“Араб болып тағы шықтың ба, ақшаң азайған екен сорлы келместей болып кетіп едің, енді сұңқылдап тұрсың” деп жазды бір оқырманы. Негатив пікір иесіне әнші жауап қайтарып, “осы жолы сізді сотқа беремін. Өткенде ескертіп едім” деп жауап берді. “Сізді танытқан – өнеріңіз, ән айтуды тастамаңыз” дейді енді бір тыңдарманы. “Намазды да оқып, әнді де айтып жүре беріңіз” деген пікір өте көп.