Кембағал балалар күштеп еңбекке тартылған

617

 Атырауда 98 мүмкіндігі шектеулі бала тұрып жатқан №3 арнаулы қызмет орталығында қатыгездік таныту мен көрсету күш фактісі орын алған. 

Кембағал балалар күштеп еңбекке тартылған

Атырауда мүгедек балаларды еңбек етуге мәжбүрлеген. Бұл туралы облыстық прокуратура жартыжылдықты қорытындылау есебінде айтты, деп хабарлады 24.kz.

Бақылаушы органның мәліметінше, 98 мүмкіндігі шектеулі бала тұрып жатқан №3 арнаулы қызмет орталығында қатыгездік таныту мен көрсету күш фактісі орын алған. Ата-ана қарауынсыз қалған және кембағал жеткіншектер күштеп еңбекке тартылған.

Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, 322 оқушы білім алып жатқан, оның ішінде жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер бар, ұлттық дарынды балаларға арналған гимназияда каникул кезінде демалыс тиісті төртеудің орнынан жылына тек 2 рет беріліп келген.

"Аталған жайттар облыс прокуратурасында тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", – дейді прокурор өз сөзінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу