Кембридж емтихан нәтижесін жариялауға қатысты басқаша шешім қабылдады

146

Келер жылдан бастан Кембридж университеті емтихан нәтижесін студенттердің жеке өзіне ғана хабарлайтын болып шешті.  

Кембридж емтихан нәтижесін жариялауға қатысты басқаша шешім қабылдады  Фото: studylab.ru

Мұндай шешімге оқуға тапсырушылар арасында жүргізілген сауалнамадан кейін келіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты The Times басылымына сілтеме жасап.

Кембридж университеті студенттеріне емтихан нәтижесін хабарлауды тоқтатады. Бұл стресті азайтып, психикалық дансаулықты күшейту үшін қабылданды.

"Таймс" басылымының хабарлауынша, жаңа ереже келесі жылдан бастап күшіне енеді. Университет жүргізген сауалнамаға сәйкес емтихан кезінде студенттердің 60%-і қатты күйзеліске ұшырайды екен.

Айта кетейік, оқу орны 1748 жылдан бері сынақ қорытындысын арнайы хабарландыру тақтасына іліп келеді.

Енді бұл дәстүр үзіліп, емтихан нәтижесі студенттерге жеке өзіне ғана айтылады. Яғни, құпиялылық толықтай сақталады. Оқуға түсе алмағандар басқалардың алдында ыңғайсыз жағдайға қалмауы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу