Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, көліктік бақылау саласында барлық бағыттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Соның бірі теміржол тасымалдаушыларын субсидиялау және кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің жетілмегендігі, деп жазады inbusiness.kz.
Агенттіктің 1-қызметінің басшысы Марат Ахметовтың айтуынша, тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі конкурстар қағаз өтінімдер бойынша өткізіледі. Субсидиялар болжамды көрсеткіштер негізінде төленеді. Нәтижесінде, тасымалдаушылар өз шығындарын шығыстардың баптарын асыра отырып, болжамды сомаларға "шығарады".
Кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан су жолдары" РМҚК-ға жыл сайын 9 млрд теңгеден бөлінеді, бұл ретте осы қаражат қажеттілігінің тиісті есебі жоқ.