Кеме жасаушылар ереуілге шықты

1415

Өткен аптадан бері ереуілге шыққан жұмысшылар 20 автобусқа мініп, Хорватия астанасы Загреб қаласына келген.

Кеме жасаушылар ереуілге шықты

Хорватия астанасы Загреб қаласында Ульяник кеме жасаушы компанияның бір мыңдай жұмысшысы шеру ұйымдастырған, деп хабарлайды 24.kz.

Өткен аптадан бері ереуілге шыққан жұмысшылар 20 автобусқа мініп, қалаға келген. Дағдарысқа ұшыраған Ульяник компаниясы жұмысшыларға жалақысын төлей алмай жүр.

Кезінде қарқынды дамып келген Ховатияның кеме жасау саласы соңғы жылдары кері кетіп тұр. Ол азиялық, соның арасында ең алдымен оңтүстіккореялық кеме жасаушылармен бәсекеге төзе алмаған.

Ульяник компаниясының қиындықтары мемлекеттік қазынаға да әсер етуі мүмкін. Үкімет осы компания алған несиелерге бірнеше жүз миллион еуро мөлшерінде кепіл берген болатын. Ереуілшілер үкіметтен кеме жасау саласына қолдау көрсетуді талап етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу