Кэмерон ван дер Бург: Қазір жаттығу жасау түгілі, жүріп-тұруымның өзі мұң болып тұр

1023

6 дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы коронавируспен күресіп жатыр.  

Кэмерон ван дер Бург: Қазір жаттығу жасау түгілі, жүріп-тұруымның өзі мұң болып тұр

Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Дик Паунд Токио Олимпиадасын өткізу мерзімі 2021 жылға жылжитынын жариялады.

Коронавирус төржылдықтың басты бәсекесіне кесірін тигізгенін тілге тиек еткен Дик Паунд Олимпиада тарихындағы келеңсіз жағдай ұйымдастырушылардың еңбегін еш еткеніне өкініш білдірді.

"Коронавирус пандемиясынан Жапонияда 49 адам қайтыс болды.1800 жапон азаматы ауырып жатыр. Әлемнің басқа елдерінде де адам шығыны күн сайын тіркелуде. Мұндай жағдайда Олимпиада ойындарын өткізу орынсыз. Аустралия, Канада мемлекеттері Токио Олимпиадасына қатыспайтындарын ресми мәлімдеді. Бұған қоса ұйымдастыру комитетіне бірнеше спорттық ұйымдар мен мекемелер Жапонияда өтетін жазғы олимпиада ойындарын кейінге шегеру туралы ұсыныс түсірді. Осының барлығын ескере отырып, Халықаралық Олимпиада комитеті Токио-2020 Олимпиадасын өткізу мерзімін кейінге шегеру туралы шешім қабылдады. Әзірше Олимпиаданың нақты күні белгіленген жоқ. Мәселе 4 апта шамасында шешіледі. Бір анығы биыл 24 шілдеде Олимпиада ойындары болмайды", – деді Дик Паунд.

Олимпиада дегеннен шығады, коронавирус инфекциясы спортшыны, оның ішінде жүзуден Лондон Олимпиадасының чемпионы, 6 дүркін әлем чемпионы, оңтүстікафрикалық спортшы Кэмерон Ван дер Бургті де сынап жатыр.

Осы турасында ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына: "Екі аптадан бері коронавирус инфекциясымен күресіп жатырмын. Жөтел мен тұла бойымдағы әлсіздік әбден қалжыратты. Маған жұққан ауыр ауру осы сияқты. Бар ғұмырымды саламатты өмір салтын ұстануға жұмсадым. Жаман әдеттерден алыс болдым. Короновирус мұндайға қарамайды және адам таңдамайды екен. Әлемді жаулаған вирустан айығу қиынға соғып жатыр. Қазір жаттығу жасау түгілі, жүріп-тұруымның өзі мұң болып тұр", – деп жазды Лондон Олимпиадасының чемпионы.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу