Кемерово облысының экс-губернаторы Аман Тулеев 79 жасында қайтыс болды

426

Тулеев Кемерово облысын 20 жылдан астам уақыт бойы басқарды және Ресей губернаторлары арасында ұзақ өмір сүретіндердің бірі болып саналды.

Кемерово облысының экс-губернаторы Аман Тулеев 79 жасында қайтыс болды Фото: РИА Новости

Кемерово облысының экс-губернаторы (аймақты 1997-2018 жылдар аралығында басқарған) Аман Тулеев 79 жасында қайтыс болды, деп хабарлады облыстың қазіргі басшысы Сергей Цивилев. Бұл туралы inbusiness.kz сайты РБК жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүкіл өмірі Кузбасс пен Ресейде қызмет етуге арналған жарқын жүзді, ерекше адам Аман Гумирович Тулеев өмірден озды. Бұл орны толмас қайғы", - деп жазды ол.

Цивелев аймақтағы тұтас бір дәуір Тулеевпен байланысты екенін және Кузбассты дағдарыстан шығара алғанын атап өтті.

"Кузбасс тұрғындары Аман Гумировичті өз қызметінде әрқашан халықтың мүддесін бірінші орынға қоятын нағыз халық губернаторы ретінде еске алады. Аман Тулеевтің жарқын бейнесі әрдайым біздің жадымызда", - деп қорытындылады саясаткер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу