Кемеровоның 100 жылдығына арналған логотиптен өрт белгісі алынады

906

Кемеровоның 100 жылдығына арналған логотиптен өрт белгісі алынады

Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығындағы қайғылы жағдайға байланысты қаланың 100 жылдығына арналған логотиптен өрт белгісі алынып тасталады, деп хабарлайды 24.kz.

Мұндай өзгерісті жергілікті тұрғындар талап еткен. Әкімшілік тұрғындардың ұсынысын қабылдады. Кемеровоның 100 жылдығына арналған эмблемада қарағай, Кузнецк көмірін ашушы Михаил Волков және қала жүрегіне деген сүйіспеншіліктің белгісі ретінде жүрек, сондай-ақ жалын мен "100 жыл" деген жазу орналасқан. Тұрғындар 25 наурызда болған жантүршігерлік оқиғадан кейін логотиптегі өрт белгісінің орналасуы дұрыс еместігін айтады.

Еске сала кетейік, 25 наурызда Кемероводағы сауда орталығынан өрт шығып, 64 адам қаза тапқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу