Кен орнындағы жарылыстан жарақаттанған мұнайшылардың екеуі көз жұмды

676

Кен орнындағы жарылыстан жарақаттанған мұнайшылардың екеуі көз жұмды

Маңғыстау облысындағы кен орнында болған жарылыстан зардап шеккен 3 мұнайшының біреуі әлі ауыр халде. Ол Астана қаласының №1 ауруханасында  жатыр. Ал, қалған 2 мұнайшы 26 мамыр күні қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласының №1 ауруханасында емделген екі мұнайшының бірі және Мәскеудің Н.В.Склифосов атындағы ғылыми-зерттеу институтына жатқызылған бір мұнайшы көз жұмды.  

"Мәскеуге жеткізілген науқастың жағдайы өте ауыр еді. Ол жүрек қызметінің бұзылуы, ағзаларының дұрыс қызмет етпеуінен қайтыс болды. Оның әу баста тірі қалу мүмкіндігі аз еді. Ал, Астанада қайтыс болған науқаста да осындай клиникалық белгілер болды. Қазір үшінші науқас Астанада емделуде", - дейді МО ауруханасы басшысының орынбасары Үміт Ілиясова.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Комсомол" кен орнында жарылыс болып, 3 мұнайшы зардап шеккен еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу