Кендірлі ауылында алғаш рет сайлау өтіп жатыр

391

Жаңаөзен қаласына қарасты елдімекеннің бірі Кендірлі ауылының тарихында алғаш рет сайлау өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.  

Кендірлі ауылында алғаш рет сайлау өтіп жатыр

№109 сайлау учаскесі ауылдың мәдениет үйінде орналасқан. Саяси науқаннан қалыс қалмай, таңдауын жасауға келгендердің қатарында  жас жұбайлар Қаршыға Байтөреев пен Күміс Шалқарова да бар. Жақында ғана шаңырақ көтерген Қаршыға - кәсіби бейнеоператор. Ол 10 жылға жуық  "Жаңаөзен" телеарнасында еңбек етіп, қазір жеке кәсіппен айналысып жүр. 

"Егемен еліміздің баянды болашағы үшін маңызы зор саяси шараға бір кісідей атсалыстық. Отбасымызда ата-анам, інім мен және келіншегім болып сайлауға келдік. Өз таңдауымызды жасадық. Бұл науқанға ең алдымен еліміздің тұрақтылығы нығая түсуі үшін қатысып отырмыз", -дейді Қаршыға Байтөреев.               

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу