Кендірліде халықаралық әуежайдың құрылысы жүріп жатыр

100

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аймақтың туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.  

Кендірліде халықаралық әуежайдың құрылысы жүріп жатыр Фото: mangystaumedia.kz

Жоспар бойынша әуежай биыл желтоқсан айында пайдалануға беріліп, Астана, Алматы және Батыс өңірлерге рейстер ашылмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа әуежай – Жаңаөзен қаласынан 52 шақырым, ал Кендірлі курорттық аймағынан 14 шақырым жерде орналасқан. Аумағы – 599 гектар. Қазір құрылыс басында 80-нен астам адам еңбек етіп жатыр. 62 техника жұмылдырылған. Тағы қосымша жұмысшылар келгенде, құрылыс жұмыстары екі ауысымға көшеді.

– Жоба аясында 2200 метр ұшу-қону жолағын салу қарастырылған. Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 150 жолаушыны құрайды. Сондай-ақ биыл Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағының жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұл ішкі және халықаралық рейстер санын көбейтуге септігін тигізеді", – деді Көлік министрі Марат Қарабаев.

Жалпы әуежайдың құрылысына жоба бойынша – 34,5 млрд теңге қаражат қарастырылған. Бүгінгі таңда аталған қаражат толықтай қамтамасыз етілген, бөлінген. Дәл қазір Жаңаөзен–Кендірлі–Әуежай арасындағы инженерлік инфрақұрлымның жобасы жасалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу