Бұл туралы Алматы қаласының ӨКҚ алаңында "Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы" ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" филиалының директоры Берік Баймурзинов айтып берді.
Алматыда саябақ аймақтары мен орман алқаптарын кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды. Орталық басшысы хабарлағандай, тазарту жұмыстары екі кезеңде "фаворит ВКЕ" қауіпсіз инсекто-акарицидтік препаратын қолдана отырып жүргізіледі.
Орталықтың ескертуінше, препарат қауіпсіз болса да, тұрғындар өз аумақтарында дезинфекция жүргізуіне болмайды. Денсаулық сақтау шараларын толық ұстанбаса, қауіп төнуі мүмкін.
"Препарат қауіпсіз болса да, барлық нұсқаулықтарға сақтау керек. Кенеге қарсы тазалау жұмыстарын мамандар барлық дезинфекция шараларын сақтай отырып және тек рұқсат етілген, сертификатталған препараттармен жүргізеді. Сенімді және сертификаттанған мамандарды шақыруға кеңес береміз", - деді спикер.
Оның айтуынша, дезинсекциялық іс-шаралар қалада соңғы 8 жылда және екі айналымда өткізіліп келеді. Бұл қалалық саябақтар, қаланың сегіз ауданындағы алаңдар, жалпы ауданы 519, 616 га, сондай-ақ орман алқаптары - 1904,924 га.
"Кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу негізінен кене энцефалитінің табиғи ошақтарында жүргізіледі. Бұл Алмаарасан шатқалы, Медеу табиғи паркі, Көк Төбе саябағы, Бутаков шатқалы, Қарағайлы шатқалы, Наурызбай ауданындағы таулы жер болып табылады", - деп қорытындылады спикер.