Кеңес Рақышев алтын өндіретін компанияның акциясын сатып алды

1153

Кеңес Рақышев алтын өндіретін компанияның акциясын сатып алды

Кәсіпкер Кеңес Рақышев шетелдік компанияның активтерін сатып алды. Нақтылайтын болсақ, қазақстандық бизнесменнің Кипрдегі "Финкрафт Холдингс ЭлТиДи" кәсіпорыны алтын өндірісімен айналысатын ресейлік "Петропавлск" компаниясының 22,42 пайыз акциясының иегері атанған.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Рақышев бастапқыда "Золото Камчатки" кәсіпорнын басыбайлы сатып алмақшы болған. Алайда, ағымдағы желтоқсан айының басында оны "Джи Ви Голд" компаниясы меншіктеген. Айта кетсек, Петропавлск кәсіпорнының өткен жылғы таза табысы 540,7 млн долларды құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу