Кеңес Рақышевтың өкілеттігі тоқтатылды

1102

Кеңес Рақышевтың өкілеттігі тоқтатылды

"Қазкоммерцбанк" АҚ басқарма төрағасы Кеңес Рақышевтың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды zhasalash.kz.

"Қазкоммерцбанк" АҚ акционерлері жаңа директорлар кеңесін сайлады. "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ ірі акционерінің кеңесі ескеріліп, "Қазкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің жаңа құрамына үш жылдық мерзімге алты тұлға сайланды. Қызметінен, сондай-ақ мерзімінен бұрын директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, тәуелсіз директор — Аханов Серік, Марк Хольцман мен Махат Рашит, Әбдуов Нұрлан босатылды. 
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елемесов Асқар, Жолдасбеков Азамат, Дунаев Арман банктің тәуелсіз директоры ретінде сайланды. Ал Қарпықова Әлия "Қазақстанның Халық банкі" АҚ акционерінің өкілі ретінде сайланды.  Қазкомның" жаңа директорлар кеңесіне Кішкімбаева Сәуле мен Ульф Вокурка кірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу