Кенесары ханның бас сүйегі табылды

1213

Мәжіліс депутаттары Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығын Ресейден Қазақстанға қайтару мәселесін көтерді. 

Кенесары ханның бас сүйегі табылды Фото: aikyn.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытбек Смағұл Үкімет басшысына сауал жолдап, Кенесары ханның бас сүйегі мен оның мылтығы Мәскеуде этнографиялық мұражайда уақытша сақтауда тұрғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"2021 жылы географиялық қоғам ұйымдастырып, Қазақстаннан арнайы барған комиссия және мамандар Ұлы ханның бас сүйегі мен мылтығын сәйкестендіру жұмыстарымен айналысты. Тарихи, антропологиялық, мұражайлық және мұрағаттық зерттеулер кешенінің қорытындысында мылтықтың ханға 100% тиесілі екені, ал бас сүйек Кенесары ханның бас сүйегі екені, сәйкестік 90%-дан жоғары екені анықталды", деді Бақытбек Смағұл.

Кенесары ханның туғанына 220 жыл және Ұлы ханымыз бастаған көтеріліске 185 жыл толуына алға тартқан депутат Үкімет басшысынан  Кенесары ханның сүйегі мен мылтығын Ресейден Қазақстанға қайтару мәселесіне қолдау көрсетуді сұрады.

"Хан сүйегін Астанадағы Ұлттық пантеонда жерлеуді, ал мылтықты Ұлттық мұражайға тапсыруды ұсынамын. Бұл шара ел рухының асқақтауына, отаншылдықтың күшеюіне және ел астанасындағы туризмнің дамуына ықпал етері сөзсіз", деді Бақытбек Смағұл.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу