"АӨСШК кеңістігінде шын мәнінде жұмыс істейтін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизм қажет. Азия әлемдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің үштен бірін өндіргенімен, бұл саладағы олқылықтардан әлі де толық арыла қойған жоқ", – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, маңызды өнімдердің ұлттық стандарттарға сәйкестігін бағалаудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу керек.
"Бұдан бөлек тауарлардың бұл санаты үшін АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасында "жасыл дәліздер" ашуымыз қажет. Штаб-пәтері Астанада орналасқан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен АӨСШК арасындағы ынтымақтастықты жолға қою перспективті болмақ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы кеңеске мүше елдердің ауыл шаруашылығы әлеуетін ескеру арқылы мұқтаж елдерді азық-түлікпен, тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде шаралар қабылдауға болатынын атап өтті.
Фото: ҚР Президентінің Баспасөз қызметі