Кеңгір су қоймасы 98 пайызға толды

185

Жезқазған қаласындағы Кеңгір су қоймасына соңғы екі аптада 60 млн текше метрден астам су келді.  

Кеңгір су қоймасы 98 пайызға толды Фото: ortcom.kz

319 млн текше метр суға арналып шақталған жасанды көл қазірдің өзінде 98 пайызға толды.

Сондықтан Төтенше жағдайлар департаменті суды сыртқа ағызып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бұдан елдімекендерге ешқандай қауіп жоқ", – дейді құтқарушылар.

Тағы тасқын қаупі жоғары 20-дан аса елдімекен бақылауға алынды.

Облыстық Байқоңыр мен Қоскөлге баратын тасжолды су шайып, қатынас уақытша тоқтады. Бірақ бұл аймақтарға теміржол арқылы қатынауға болады.

Мамандар дронның көмегімен су жолдарын күнделікті бақылап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу