Кения билігі полиэтилен пакетін өндіруге және пайдалануға тыйым салды

911

Кения билігі полиэтилен пакетін өндіруге және пайдалануға тыйым салды

Жуырда Кения билігі ел тұрғындарына қоршаған ортаға өте зиян, яғни, жүздеген жылдар бойы шірімейтін полиэтилен пакетін өндіруге және пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды islam.kz.

Аталған пакетті сатып алған да, сатқан да және оны пайдаланған да 19 мыңнан 38 мың долларға дейін айыппұл салынады. Айыппұл төлей алмағандар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Аталмыш елге саяхаттап келген туристер де өздерімен бірге ала келген полиэтилен пакеттерін әуежайда табыс етуі тиіс. Яғни, ел аумағына алып кіруге тыйым салынады. Бұған қоса, полиэтилен пакеті су құбырларын бітеп тастайды.

Greenpeace ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, жылына мұхитқа шамамен 8 млн тонна пластикалық заттар мен бұйымдар тасталады екен. Кения билігінің бұл шешіміне наразылық білдіргендер де бар. Полиэтилен пакетін өндірушілер 80 мыңға тарта адамның жұмыссыз қалатынын алға тартып отыр.

Орта есеппен кениялықтар айына 24 млн полиэтилен пакетін пайдаланады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу